Жұлдыз жұп Жанболат пен Жазираның youtube арнасындағы фоллоуерлер саны 168 мың адамға жетіп, күміс батырмаға қол жеткізді. Қуанышты жаңалығын Жазира Байырбекова күміс батырманы табыстау сәтінен instagram-ға видео жариялап бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетерлігі, батырманы табыстаған азамат Жанболат пен Жазира қазақ эстрадасынан осындай дәрежеге жеткен алғашқы әншілер екенін атап өтті. Ерлі-зайыптылар болса, қолдаған оқырманның бәріне алғыс айтты.