Жақында ғана хит болған “Qoi, kursinbe” әнінің авторы Мархаба Сәби тағы бір жаңа ән шығарды. Туынды “Qane qane” деп аталады.
Туындының әні мен сөзін де Мархаба өзі жазыпты. Әнші instagram парақшасында жаңа әнін “рухани туыстарға” арнапты.
Youtube арнасына жарияланған lyric видео бір күнде 12 мыңнан астам рет көріліпті.
Айта кетсек, Мархаба Сәбидің бір ай бұрын жарық көрген “Qoi, kursinbe” әні Youtube-та 3 миллионға жуық көрілім жинады.