Лил Узи Верттің зергер Эллиот Элианттан алған гауһартасының қымбат болғаны соншалық, рэпер оның құнын кейінгі төрт жыл бойы жинапты. Ол 11 караттық тастың бағасын қолында бар мүлкімен салыстырып көрді: рэпердің көлік коллекциясы мен үйінің құны да жаңа сатып алған затының бағасын жаба алмайды екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұндай импланттың денсаулыққа қаншалықты қауіпсіз екені әлі белгісіз: операциядан кейін рэпер Twitter-ге сэлфи жүктеген, онда гауһардың астынан қан ағып тұрғанын көруге болады. «Егер мен тасты дұрыс шығармасам, өміріме қауіп төнуі мүмкін», — деп түсіндірді ол.
Желіде рэпердің кімге ұқсайтыны туралы пікірталас жүріп жатыр: бірі оны «Кек алушылар» (Мстители) фильміндегі Вижнға ұқсатса, енді бірі жұлдыздың «Black Clover» анимесіндегі Марсқа ұқсайтынына сенімді.