Кейінгі кезде жұлдыз жұп Ким Кардашьян мен Канье Уэст қарым-қатынасын үзетіні туралы әңгіме жиілей түсті. Бұл негізсіз пайымдаулар емес, себебі ерлі-зайыптылар некесін сақтай алмайтынына көз жеткізіп, отбасылық психотерапевтке баруын тоқтатыпты деген қауесет шықты. Мұны, сондай-ақ, “Кардашьян неке бұзу ісі бойынша ең танымал адвокат Лора Вассерден кеңес алып жүр” деген БАҚ-қа шыққан ақпарат растайды.
Енді болса, рэпер Калабасас (Калифорния) қаласындағы Ким екеуіне ортақ үйден жеке заттарын, оның ішінде 500 аяқ киім коллекциясын әкете бастағаны белгілі болды.
Қауесеттерге сенсек, 18 наурызда премьерасы болатын «Кардашьяндар отбасы» реалити шоуының соңғы маусымының басты тақырыбы Ким мен Каньенің отбасылық проблемалары туралы болады. Жұп ажырасатыны туралы ресми ақпаратты осыдан кейін жариялайтын көрінеді.