Қазақстандық Tiktok үйлердің бірі Savage house мүшелері Томирис Қанатова мен Идрис Яхьяров Қапшағай су қоймасында түскен суретін жариялап, жақын қарым-қатынаста екенін көрсетті. Бұған дейін олар дос екенін айтып келген.
Идрис Яхьяров instagram-ға мұз қатқан Қапшағай су қоймасында түскен бірнеше суретін жариялап “Мұндай фотосуреттер сериясын күтпеген шығарсыздар. Сізбен бірге осындай суретке түсетін жанды белігілеп кетіңіз” деп жазыпты.
Оқырмандардың “Кездесіп жүрсіздер ме?” деген сауалына жауап бермесе де, Tiktok-та өздерін жұп ретінде көрсетіп жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram