Тағы екі қазақстандық әнші “Украина дауысы” жобасының 11 маусым іріктеуінен өтті. Олар — Сәуле Жұмабекова мен Александр Лим.
Бір апта бұрын Балқаш қаласының тумасы Александр Лим “Украина дауысы” танымал жобасының іріктеу кезеңінен өткені белгілі болды. Ол «Океан Ельзи» тобының «Там, де нас нема» әнін орындап, Надежда Дорофееваның тобына қосылды.
Ал бүгін алматылық Сәуле Жұмабекова іріктеу кезеңінде Тина Карольдің тобына қосылды. Кастиңде болашақ тәлімгері Тина Карольдің “Я все еще люблю” әнін орындаған болатын. Кейін екеуі дуэт болып та ән айтты.
Айта кетсек, былтыр екі қазақстандық Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров “Украина дауысы” жобасының финалистері атанған.