Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурнда өткен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) бірінші айналымында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі сетте ол Словениядан келген Тамара Зиданшекті 1 сағат 22 минутта 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Екі жыл бұрын да Зарина Тамараны жеңген болатын.
Келесі айналымда Дияс Анжелика Кербер (Германия) мен Бернард Пер (АҚШ) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова турнир басында италиялық Камила Джорджиден жеңіліп қалған болатын.