“Астана балет” театры ақпан айына жоспарланған афишасын жариялады. Айдың соңына дейін балет театры классик, неоклассик, сондай-ақ заманауи қойылымдардан тұратын бірнеше бағдарламаны ұсынады.
12-13 ақпан күндері «Астана Балет» театры үш бір актілі үш балеттерді ұсынады: «Longing», «Love Fear Loss» (хореография Р.Амаранте) және «Instinct» (Д. Джонатанның хореографиясы).
19-20 ақпан аралығында «Махаббат туралы аңыз» спектаклі қойылады. Айта кетсек, «Махаббат туралы аңыз» спектаклін көрермендер алғаш рет 58 жыл бұрын Мариинский театрының сахнасынан тамашалаған.
Айды 27-28 ақпанда «Серенада», «Diversity» және «Триумф» спектакльдері қорытындылайды.
Спектакль және билет сатып алу туралы толық мәліметті ресми сайттан оқуға болады.