“За нами уже выехали” және “Тіл кеспек жоқ” youtube арнасының журналистері Қазақстандағы суицид мәселесіне зерттеу жүргізіп, деректі фильм түсірді. Туындының алғашқы бөлімі балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне арналған.
“Бір жылдан астам уақыт бұрын мен бұл туралы видео жасағанмын, бірақ ол кезде тек қорқынышты сандар туралы туынды боп шықты. Еліміз суицид бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында. Бірінші бөлімге балалар мен жасөспірімдерді алдық. Жақында Қазақстан осы жас тобы бойынша әлемдік антирейтиңдегі үшінші орында болған. Қазір де «жоғары» 12-орында тұрмыз”, — деп жазды фильм авторларының бірі Дмитрий Дубовицкий instagram желісінде.
Деректі фильм бір күнде 21 мыңға жуық көрілім жинаған.