29 жастағы актриса Шейлин Вудли мен 37 жастағы америкалық футбол ойыншысы Аарон Роджерстің қарым-қатынасы туралы кейінгі кезде тарап жүрген қауесет расталды. Жұптың некелесетіні белгілі болды. Бұл жайында спортшы NFL MVP Award виртуал марапаттау рәсімі кезінде мәлімдеді. Алайда, ол қалыңдықтың атын атаған жоқ, бірақ оған қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
MVP #3 for @AaronRodgers12 🏆🏆🏆 #NFLHonors @Packers pic.twitter.com/RU48Yh16Bc
— NFL (@NFL) February 7, 2021
“Мен некелесіп, мансабымдағы ең сәтті футбол маусымдарының бірін өткердім. Алаң сыртында мені қолдайын керемет жан бар. Мен оған… қалыңдығыма алғыс айтқым келеді”, — деді Аарон.
Жұпты танитын дереккөз People баспасына екеуінің үйленгелі жатқанын айтты:
“Ааронның Шейлинге бұлай тез ұсыныс жасағаны таңқаларлық емес. Олар шынымен бақытты”, — деді инсайдер.