Ресейдің Федералды кеден қызметі (ФКҚ) швед ритейлері H&M-нің (Hennes & Mauritz AB) ресейлік бөлімшесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Компания 3,1 миллиард рубль көлемінде кедендік баж салығын төлемегені үшін айыпталды.
ФКҚ мәліметтері бойынша, 2016-2019 жылдар аралығында H&M-нің ресейлік бөлімшесі Швециядағы бас компанияға аударуы тиіс кейбір лицензиялық төлемдерді тауарлардың кедендік құнына қоспаған.
2019 жылы ресейдегі H&M аудит барысында анықталған сәйкессіздікті жабу үшін 3,1 миллиард рубльді қайтарған. Бірақ қылмыстық іс сонда да қозғалды.
Стокгольмдағы H&M-нің баспасөз қызметі Ресейдегі компанияға қатысты тергеу ісі жүріп жатқанын растады, бірақ олар туралы егжей-тегжейлі хабардар емес екенін түсіндіріп, нақты мәліметтер бермеді.