Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай түсірілген фильм премьерасы пандемияға байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы Facebook парақшасында.
“Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде, бірақ осы күзде көрермендер бұл фильмді үлкен экранда көреді деп үміттенеміз”, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, Болат Қалымбетов режиссерлігімен түсірілген “Мұқағали” фильмінің түсірілім жұмысы былтыр басталған. Туынды Алматы облысы, Алматы, Өскемен және Санкт-Петербургте қалаларында түсірілді. Фильмге ақынның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болған.