Қазақстандық шаңғышы Александр Колядиннің жарыстан тыс допинг-сынамасы оң нәтиже берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының ақпараты бойынша, қысқы Паралимпиада ойындарының алтын медалі иегері мельдониді қолданыпты. 47 жастағы спортшы 2021 жылғы 13 қаңтардан 2024 жылғы 13 қаңтарға дейін үш жылға шеттетілді.
Колядин 2018 жылы Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медальға қол жеткізді. Ол спринтте 1,5 шақырым классик стильде бірінші орынды иеленген.