Өткен демалыста Хәрри ханзада мен әйелі Меган Маркл Get Lit жастар ұйымының ақындық үйірмесіне тосын сый жасады. Балалар ақындықты меңгеріп, өлең оқуы үшін ұйымдастырылған Zoom конференцияға Сассекс герцогы мен герцогинясы күтпеген жерден қосылды.
Балалардың қонақтарға таңқалған түрінің скриншотын Get Lit өз парақшасына жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Get Lit ұйымының менеджері Мейсон Грейнджер: «Бұл ең жақсы демалыс болды! Хәрри ханзада мен Меган өте ғажап, мейірімді жандар екен! Олар поэзияға үлкен қызығушылық танытты. Балалар өлең оқып, Хәрри мен Меганға сұрақтарын қойды. Қызу әңгіме айтып, уақытты керемет өткіздік», — деп жазды.
Кездесу барысында Меган Маркл сүйікті ақыны Наира Вахидтің әйелдерге арналған өлеңін оқыды. 45 минутқа жалғасқан кездесу балалар үшін ұмытылмас шара болды.