Мадина Сәдуақасова 16 жаста сахнада ән айтқан видеосын instagram парақшасына жариялады. Әншінің сахнада жүргеніне биыл 25 жыл толыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“16 жасар Мадина Садуақасова! Маа, биыл сахнада жүргеніме 25 жыл болады екен! Не деген көп )) Кейбір менің оқырманым туылмаған да шығар әлі ?!)) Мен болса сол қалпы сұп- сұлу , сүп — сүйкімді әлде қатты өзгердім ба ?”, — деп жазды Мадина Сәдуақасова (Автордың орфографиясы сақталған).
Оқырмандары әншінің даусы да, бет-әлпеті де өзгермегенін айтып, жарыса коммент жазуда.