Отбасымен Луизиана штатының Батон-Руж қаласында тұрған Дажарияның TikTok аккаунтында 1,6 миллионнан астам жазылушы бар. Instagram мен YouTube-те болса, оған он мыңнан астам адам тіркелген. Дүйсенбі күні Дажария Instagram Stories-ке «Соңғы пост» деген жазбамен видеолар жүктеді.
Қыздың әкесі Джозеф Сантьяго желіде видео жариялап, қызының қайтыс болғанын растады.
“Қызымды жақсы көріп, оған қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтқым келеді. Өкінішке қарай, ол енді біздің жанымызда емес — керемет жерге аттанды. Бірақ қызым өзінің күйзелісте жүргенін, өлім туралы ойлары болғанын айтпағаны өкінішті…», — деді ол.
Қыздың анасы Дженнифер Шаффер Facebook-те: «Жүрегім қақ айырылды. Сенің жоқ екеніңе сене алмаймын. Мен сенің күліп келіп, «бұның бәрі өтірік әзіл» деп айтқаныңды қалаймын, бірақ бұл олай емес. Періштем, сенің орныңа мен кетуім керек еді», — деген ауыр жазба қалдырды.