Қазақстандық әнші Ayree Флоридада өткен Super Bowl 2021 онлайн-концертінде өнер көрсетті. Бұл шоу Америка ұлттық футбол лигасының жыл сайынғы чемпионатының үзіліс кезінде көрсетіледі.
Ayree спорттағы әйелдерді қолдауға арналған Ladies Heart Football Hybrid Super Bowl Week іс-шарасында өнер көрсеткен. Ол өз репартуарындағы қазақ тіліндегі “Мұңайтпа енді” әнін орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ayree Gakku арнасына берген сұхбатында, шара ұйымдастырушылары карантин кезінде хабарласып, ән ұнағанын айтып, шоуда өнер көрсетуге шақырғанын мәлімдеді.