Кеше Хәрри ханзада мен Меган Маркл екінші баласының дүниеге келгенін күтіп жүргені белгілі болды. Бақытты жұптың суретін фотограф Мисан Харриман Twitter-дегі аккаунтына жүктеп: “Мег, мен сенің үйлену тойыңда болып, бұл махаббат хикаясы қалай басталғанын көрдім. Ал бүгін, досым, мен осы хикаяның жалғасына куә болып, оны өзім түсіргеніме қуаныштымын! Сассекс герцогы мен герцогинясын шын жүректен құттықтаймын!”, — деген жазба қалдырды.
Meg, I was there at your wedding to witness this love story begin, and my friend, I am honoured to capture it grow. Congratulations to The Duke and Duchess of Sussex on this joyous news!#remoteshoot #shotonipad #shotbymisan pic.twitter.com/3iSYjydVj9
— Misan Harriman (@misanharriman) February 14, 2021
Жаңалықты ерлі-зайыптылардың ресми өкілі де растады: «Арчи жақында үлкен аға атанады. Герцог пен герцогиня екінші нәрестенің туылғанын тағатсыздана күтіп жүр», — деп атап өтті.
Еске салайық, Хәрри ханзада мен Меган Маркл 2018 жылғы 19 мамырда отау құрды. Бір жылдан кейін 6 мамырда жұптың Арчи есімді ұлы дүниеге келді.