Димаш Құдайбергеннің Youtube арнасына жазылғандар саны 1,2 млн-нан асып, “алтын батырмаға” ие болды. Бұл қуанышты жаңалығын әнші instagram-да бөлісті.
“Біздің YouTube арнамыздың көрермен саны миллионнан асып, осындай тамаша марапатқа ие болып жатырмыз. Ең алдымен, өнеріме баға беріп, қашанда “осы баланың болашағы жарқын болсыншы” деп, тілеуімді тілеп отырған әлемдегі әрбір тыңдарманыма шын жүректен мың мәрте рахмет айтқым келеді. Осы сәтті пайдаланып, менің шығармашылығыма атсалысып жүрген менімен жұмыстас әрбір жанға ерекше рахмет айтамын. Барша ұжымыма, менеджерлеріме, әрине, ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырыма, жерлестеріме үлкен рахмет айтқым келеді”, — деді Димаш Құдайберген Instagram-ға жариялаған видеода.
Айта кетсек, Димаштың екі апта бұрын шыққан “Golden” видеоклипі 600 мыңға жуық көрілім жинады.