Көшеде серуендеп келе жатқан Робертті соққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашуға асыққан. Өлім аузында жатқан ер адам бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ, өкінішке қарай, дәрігерлердің тырысып-баққаны нәтижесіз болды.
Оқиғаны тергеу ісін қолға алған Нью-Йорктегі Нассо округінің полиция қызметкерлері куәгер іздеп, тергеуге көмектесуге шақырады. Себебі, күдікті мен оның көлігі туралы еш ақпарат жоқ.
Никидің өзі әкесінің қайтыс болғанына қатысты әлі ештеңе айтпады. Болған жағдайды жұлдыздың әпкесі Facebook парақшасында растады.