Қазақстанда Clubhouse әлеуметтік желісінің танымалдығы күннен күнге артып келеді. Желіге өзге тіркелген адамның шақыруы арқылы ғана кіруге болады. Осыны білетіндер пайда тауып, инвайтты сата бастады.
Olx тауар мен қызмет сату платформасында бір инвайттың (шақыру) құны 2 мың теңгеден басталып 50 мыңға дейін жетеді.

Clubhouse — аудио байланысқа негізделген әлеуметтік желі. Қосымшаны 2020 жылы Alpha Exploration Co бағдарламалық жасақтамасының авторлары іске қосты. 2021 жылғы 21 қаңтарда мамандар желіні бір миллиард АҚШ долларына бағалады. Әзірге қосымша тек IOS жүйесінде ғана іске қосылды.