Нью-Йорктегі танымал қазақ полицей Димаш Ниязов 20 ақпан Майамиде жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Ниязов instagram парақшасында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Кім оралғанын тауып көріңіз? 20 ақпан, Майами. Кеттік!», — деді спортшы полицей.
BoxRec.com мәліметі бойынша, 32 жастағы Ниязовтың қарсыласы 29 жастағы аргентиналық Джонатан Эрнан Годой болмақ. Жеңіл салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Димаш Ниязов жекпе-жекті Қазақстанда көру үшін KOTV қосымшасын жүктеп алуға кеңес берді.
Ниязов соңғы рет рингке 2018 жылғы сәуірде шыққан, ол кезде төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен мексикалық боксшы Анхель Саринаннан жеңіліп қалды.