Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70-ке қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады Qazaqstan Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі.
Нұртілеу Иманғалиұлы — телевизияға 45 жыл еңбегі сіңген белгілі тележүргізуші. 2006-2007 жылдары “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” акционерлік Қоғамның басқарма төрағасы қызметін атқарып жүріп, бірнеше авторлық бағдарлама жүргізді.
Атап айтқанда, «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» сияқты бағдарламалары қалың көпшілікке танымал.