Ерке Есмахан оқырмандарынан көмек сұрады. Instagram-да белсенді жұлдыз
ғашықтықтан басы айналып, жеке өмірінің қайнап жатқандығын айтты. “Сондықтан инстаграмға көңіл бөле алмай жүрмін» деп ақталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желідегі жазбасында жұлдыз: “ инстаграмсыз жеке өмірім қайнап жатыр.
Бақыттымын, сүйемін, ол да мені сүйеді. Сондықтан инстаграмға
қызығушылығым төмендеп кетті”, — деді.
Еске сала кетейік, Ерке Есмахан мен Ninety One тобының экс-мүшесі Азамат
Зенкаев екеуі кездесетінін растаған болатын. Оған дейін демалыстағы
суреттері шығып, желі жұртшылығын шулатқан болатын. Байқасаңыздар,
инстаграм желісінде екеуі бір-біріне комментарий қалдырып отырады.