Фильмнің бір емес, екі түрлі жалғасы болады: бірі — кәріс, енді бірі — ағылшын тілінде. Режиссер әзірге бірінші нұсқасын аяқтапты. Бұл жайында ол The Director ‘s Cut подкастында айтып берді: “Екі сценарийді қатар жазғанда миымды екі бөлгендей сезінемін. Бірақ алдыңғы аптада біреуін аяқтадым. Сиквелдің кәріс нұсқасы Сеулде түсіріліп, хоррор мен экшн жанрларды біріктірсе, ағылшыншасы — шынайы оқиғаға негізделген драма болады”, — деді ол.