Ақпанның басында The New York Times “Framing Britney Spears” атты фильм ұсынғанын жазған едік. Енді Бритни туралы деректі фильмді Netflix стримиң жүйесі де түсіретіні белгілі болды.
Жаңа фильмнің режиссері — Эрин Лии Карр есімді ару. Ол “Мерт болған анашым” (Мертвая мамуля), “Адам жегіш коптың ісі” (Дело копа-каннибала) криминал деректі жобаларымен танымал.
Эрин Лии поп-әнші туралы туындыны The New York Times-қа дейін түсіріп бастаған екен, бірақ, өкінішке қарай, жобасы әлі күнге дейін дайындық кезеңінде тұр. Сондықтан премьераның тіпті болжалды күні де жария етілмеген.