Әнші Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында “Отбасы бақытын мен 45 жастан асқаннан кейін түсіндім. Келіншегімді өзіммен бірге бағдарламаларға, міне, енді ғана алып жүрмін. Оған арнап осы уақытқа дейін ән арнап жазбаппын. Қазір қатты қорқып қалдым. Бағалаймын”, — деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еспановтың әйелі туралы жағдайды Жазира Байырбекова ашып айтты. “Бірнеше жыл бұрын Нұрлан Еспановтың жары Жанар Еспанова қатты ауырды. Мені оны түсінемін, себебі мен де солай ауырған едім. Қазір, шүкір, бірге бұл ауруды жеңіп шықтық. Содан бері Нұрлан Еспанов өз жарын, ал мені Жанболат қатты бағалай бастады және көзқарасы өзгерді”, — деді.
Нұрлан Еспановтың инстаграмға жариялай бермейтін әңгімесін сұхбаттардан көре аламыз. Соңғы кездері Нұрлан Еспанов өзінің жарымен жиі сұхбаттар мен жиындарда бірге жүретінін байқап жүрміз.