Экс-кешьюлік орамал тағып, хиджапқа келіп, біраз уақыт өте қайта шешкен болатын. Желіде бөліскен соңғы жазбаларында — тек ашық образдар. Осыған байланысты әнші көп сынға ілінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл туралы Ақбота “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында: “Мен үшін хиджабта жүріп, екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып, нан таппайсың. Бұл менің дайын болмай келгенімнен шығар”, — деп жауап берді.
Ақбота ашық образдарын желіде бөліскен посттардан “пікір білдіру бөлімін” (комментарий) жауып тастаған. Жағымсыз пікір жазылып, күйзеліске түспеудің алдын алып жатқан көрінеді. Сұхбатында: “Мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінде жоқ болып кетемін. Бір-екі апта бойы күйзелісте жүретінімді көрсетпеймін. Себебі, менің проблемам біреуге керек емес”, — деді.