“Алдарыңызда — әкім кеңесшісі!”, — деп бөлісті қуанышты жаңалығын Артур Төлепов Instagram желісінде. Танымал актёр Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбековтың кеңесшісі болып тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Артур өз жұмысына белсене кірісіп кетті. Жазбасында тіпті болашаққа жоспары туралы айтып өтті. “Дүниедегі ең оңай жұмыс — кеңес беру, ақыл айту. Ең қиыны — біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау. Сондықтан, жап — жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз”, — деді әкім кеңесшісі.
Сондай-ақ, өнер жолындағы жұмысы туралы да ойын айтып: “Актёр, әнші болу — өз еркімдегі шаруа”, — деп түйіндеді ол. Жанкүйелері мен әріптестері Артур Төлеповты жаңа қызметімен құттықтап, тек ізгі тілек білдірді.