Жақында “Әлем ханымы” (Mrs.Universe 2020) атанған Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісінде көрінбей кеткен себебін түсіндірді. Stories-те қазіргі жағдайын көрсетіп, сырқаттанып қалғанын айтты. “Он күндей ем алдым. Мойын омыртқам қозғалтпай, басымды көтере алмай жатып қалған кезім болды. Қазір Аллаға шүкір, жағдайым жақсы”- деді ол.
Бұл жағдайға алаңдаған жанкүйерлерінің бірі жұлдызға көз моншақ тағып жүруге кеңес беріпті. Кейінгі жазбасында “көз тиюге” қатысты ойын айтқан Әбдукәрімова мұндайдан гөрі “дұғаға сенемін” деп, жауап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram