40 жасқа толған Hilton империясының мұрагері 39 жастағы бизнесмен Картер Реумға тұрмысқа шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Өз жартыңызды кездестіргенде, оны біліп қана қоймай, сезесіздер. Сүйіктім туған күніме орай тропик аралға саяхат ұйымдастырды. Кешкі асқа бара жатқанымызда, ол гүлмен әрленген алқаптың жанында тізерлеп, маған сөз салды. “Иә”дедім. Өмірімді одан өзге ешкіммен бірге өткізгім келмейді”, — деді Пэрис.
Картер сүйіктісіне аты аңызға айналған Луи Картье шөбересі Жан Дусс жасаған гауһар жүзікті сыйға тартты.
Ерлі-зайыптылардың қуанышты сәтін Пэристің әпкесі Ники мен Картердің ағасы Кортни бөлісті. Куәгерлер жұппен бірге жеке аралға саяхатқа барған.
Пэрис пен Картердің таныстығына бір жылдай уақыт болған. пандемия кезінде жақын араласа бастапты.
“Үнемі саяхаттап жүретін адаммын. Пандемия кезінде үйде қалуға мәжбүр болып, маңызды нәрселерді қайта ойлануға мүмкіндік туды.Картермен қарым-қатынасым мен екеуміз бірге өткізетін уақыт мен үшін үлкен сый”, — деді жұлдыз.
Пэрис ана атанғысы келеді. Әсіресе, егіз қыз мен ұлы болғанын қалайды. Сол себепті ЭҚҰ процедурасын жасатуға бел буып отыр.