Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Жазира Байырбекова: Шубаға жарнама жасамаймын, құдаларыма да сатып әпермеймін

by Opa Media
19.02.2021
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Бірнеше күн бұрын Instagram желісінде әнші Жазира Байырбекова “Мен енді жанураларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасатқанын көрсеткен видеоларды көріп, жаным аурып кетті. Шубаға да жарнама жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін, сыйлыққа да алмаймын”, — деп жазған. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Бұған байланысты пікірлер екіге бөлінді. Бірі “кеше ғана Omabelle-де жарнама жасап тұрғаныңызды көріп едім”, “Қойшы, 10 жануардың терісінен жасалған шубаны киіп жүрсің ғой” десе, енді бірі “Дұрыс айтасыз, мен сізді қолдаймын”, “Мен де сіз сияқты екенмін. Құндыз тоннан қорқамын” деп жазды. Осы пікірлерге қатысты Жазира тағы да жазба жариялап: 

 

“Бұған дейін кидім, сыйладым, жарнама жасадым, сатып та алдым. “Бұдан былай” деген сөз түсінікті деп ойлаймын. Бірақ киіп жүргендерді кінәламаймын, ешкімге киме деп айтпаймын. Адалынан атып немесе бауыздап, қинамай алатын киімдер де бар ғой. Мүлдем аңның терісінен бас тарту емес бұл” , — деп жазды.

Әнші оқырмандарын да терісін тірідей сыпырып, жануарларды қинап жасайтын тондары алмауға шақырды. 

“Шуба үшін кредит алып, шубаңыз жоқ болғаны үшін ұялып, шуба әпермегені үшін күйеуіне ренжіп, қыздың артынан шуба апара алмағаны үшін қиналмағандарыңызды қалаймын”, — деп ойын қортындылады.

Tags: Жазира БайырбековаЖанболат пен Жазирашуба құндыз тон құдалық

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС