Актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова оқырмандарымен өзі және отбасы туралы жазбаларын бөлісіп жүр. Жақында әкесімен 30 жылдан кейінгі таныстығы жайлы айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Бүгін уәде еткенімдей, әкеммен қалай танысқаным туралы айтып беремін. Алдымен анамның ақылы мен даналығын ерекше атап өткім келді. Ол кісі ешқашан әкем туралы жаман сөз айтпаған. Әдетте, ажырасқан жұптар арасында мұндай жағдай заңдылық болып келеді. Менің анам — әр қадамына сенімді, бәріне өз күшімен қол жеткізген әйел. Ол, керісінше, маған әкеме ұқсайтынымды айтатын. Болашақта мен әкеммен танысқым келер болса, аса қуанышты болатынын айтқан. Танымал бола бастағанымда маған туысқандарым қоңырау шала бастады. Сондан анам маған әкемнің анасы — әжеммен араласуым керегін айтты. Ол кісі мені қатты жақсы көретін. Бірнеше жыл бұрын арнайы барып, танысқанмын. Бәріміз бас қосып, балалық шағымды еске алдық. Олар көп нәрсенің есімде барына таңқалды. Содан бері туыстарына жылына екі мәрте барып тұратынмын. Былтыр әжем өмірден өтті. Сонда әжеммен араласуыма септігін тигізген анам алғыс айттым. Ол кісімен танысып үлгергеніме қуаныштымын. Карантин уақытында ыңғайсыз жағдайлар көп болды. Сол кезде әкеммен араласу туралы ойлана бастадым. Бір жағдай болып қалса, оныкөріп үлгермей қалуым мүмкін екенін түсіндім. Сол сәтте танысамын деп шештім. Әкеме барып таныстым. Керемет әңгімелесіп қайттық. Екі інім мен сіңлім бар екен. Өте қуаныштым. Психологтарға барып, реніштеріммен күрестім. Егер сіздің де басыңызда осындай жағдай болса, ойланбай барып танысыңыз” , — деді.
Бұл жазбасынан кейін оқырмандары актрисаны қолдап,жылы лебіздерін білдірді.