“Әзіл әлемі” театры актері, әзілкеш Аманғали Сыпабеков әнші боламын дейді. Бұл шешімін “Егіз лебіз” бағдарламасына қатысуға ұсыныс келгеннен кейін қабылдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Qazaqstan телеарнасының “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында: “Бар жанымды салып ән айтып, әнші болып алу керек. Қадірім болмай бара жатыр. Әке-шешем мені “ит” болсын деп емес, әнші болсын деп тәрбиелеген. “Әнші балапанға” да қатысқанмын, кейін малшылыққа кетіп қалдым ғой”, — деді ол.
Еске сала кетсек, сахналық бір монологында Аманғали: “Әлі мал болып жүрмін” , — деп қалжыңдаған болатын.