Тележұлдыз төрт баласын Уэстпен бірге бағып-өсіру үшін заңды және физикалық тұрғыдан қамқорлық жасау құқығын екеуіне де беруді өтінді. Рэпер болса, әкелік міндетін орындауға және ұл-қыздарын Киммен бірге тәрбиелеуге уәде етті
Экс-ерлі-зайыптылар мүлікті бөлу мәселесінде де келісімге келді.
Ким мен Каньенің қарым-қатынасындағы проблемалар туралы қаңтар айында айтыла бастады. Инсайдерлерге сенсек, екеудің ажырасуына Каньенің тұрақсыз психикасы себеп болған. Ол былтыр президенттікке үміткер болып, өнер көрсетіп тұрған жерінде жылап, әйелі мен көпшілікті таңқалдырған болатын.
Айта кетейік, бұдан алдын Канье Уэст Ким екеуі бірге тұрған үйден жеке мүлкін алып кете бастады. Енді болса, әйгілі жұлдыз жұптың отбасы түбегейлі тарағаны расталды.