Танымал опера әншісі Зарина Алтынбаеваның “Bliss lnternational Co.” музыкалық лейблімен жазған “Pearls of Baroque” альбомы Жапонияда жарық көрді. Бұл туралы әнші instagram парақшасында хабарлады.
“Бұл альбомға мен жүрегімнің бөлшегін салдым”, — деп жазды Зарина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Pearls of Baroque” альбомы Болгарияда сатылым бойынша бірінші орынға шыққан. Зарина Алтынбаеваның жаңа альбомын Apple, Spotify, Amazon music сияқты әлемдік музыкалық платформадан жүктеуге болады.