Instagram желісінде “tattti_kyz” парақшасымен танылған Төреғали Төрәлінің қарындасы Дина Төрәліқызы күні кеше кәмелет жасқа толды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
18-ге толғанын“Қазақстан” қонақ үйіндегі мейрамханада атап өтті. Туған күнімен құттықтап келгендер қатарында жұлдыздар көп болды. Ағасы Төреғалидің желідегі тілек жазбасына да әншінің жанкүйерлері мен өнердегі достары жылы лебізін білдіруде.
Кеш соңына қарай, Динаға отбасы мүшелері үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы ақпаратты Төреғалидің қарындасы Фариза Instagram stories-інде бөлісті.
Еске сала кетсек, 16 жасқа толғанына орай Динаға ата-анасы “toyota” орталығынан су жаңа көйлік сыйлаған болатын.