Отандық және шетелдік әндерге кавер айтатын Dana tunes лақап атымен танымал Дана Зұлпыхарова Дәулеткерейдің “Көроғлы” күйін домбыра мен скрипкада орындап, жұртты тәнті етті. Видео Дананың instagram парақшасында жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Дәстүрлі домбыра аспабында дәстүрлі қазақ музыкасын орындаудағы талпынысым. Иә, мен қазақпын”, — деп жазды өнерлі әнші.
Айта кетсек, Dana tunes түрлі танымал музыкаларға кавер айтып, жеке әндерін де шығарып жүр. Ол видеода көрсетілген домбыра, скрипкадан бөлек, фортепиано, электрон және бас-гитарада да ойнай алады.