Ол ауруханаға былтыр желтоқсанда жатқызылды. Бұл жайында спортшының өзі хабарлаған болатын. Ол Twitter аккаунтында анасы жан сақтау бөлімінде өмірі үшін күресіп жатқанын айтқан.
Роналдиньо «Атлетико Минейро» атынан өнер көрсетіп жатқанда сол клубтың президенті болған Мэр Белу-Оризонти Алешандре Калил футболшыға қайғысына ортақ екенін айтып, көңіл білдірді.
Еске салсақ, қазан айында COVID-19 40 жастағы футболшының өзінде де анықталғаны хабарланған болатын. Бірақ дертті спортшы симптомсыз өткерген.