Инспектор Мэттью Парр 2016 жылы қызметіне жаңа кіріскенде, жылына 133 мың фунт стерлиң жалақы алып жүріпті. Алайда, біраз уақыттан кейін қара нәсілді әріптесі Венди Уильямстың дәл сондай жұмыс үшін 185 мың фунт алатынын анықтап, аң-таң болған. «Мен ақ нәсілді болғандықтан маған біржақты қарайды», — деп, Мэтью Лондон сотына еңбек дауы бойынша шағым түсірді.
«Мен 35 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік қызметкер болып, әділет болғанын қадағалайтын ұйымдарда жұмыс істедім. Кез келген стандарт бойынша бірдей жұмыс орындаған екі адамға екі түрлі сома төлеу түбегейлі әділетсіз», — деді Парр сотта.
Бұл іс бойынша шешім бірнеше аптадан кейін жарияланады.