28 жыл сахнада өнер көрсетіп, әндері би жанрында ең танымал деп танылған француз дуэті тарады. Жаңалықты топ өкілі Кэтрин Фрейзер растады, бірақ мұндай шешімге не себеп болғанын ашып айтпады.
Жобаның жабылуына байланысты топ YouTube арнасына «Эпилог» деп аталатын 8 минуттық видео жүктеді. Онда адамға айналуға тырысатын екі робот көрсетіледі. Бұл — топ мүшелері 2006 жылы түсірген фильмнен үзінді. Роликтің соңына таман “1993-2021” деген жазу пайда болады.
Топты Том Бангалтер мен Ги-Мануэль де Омем-Кристо 1993 жылы құрған. 28 жыл ішінде Daft Punk төрт студиялық альбом шығарып, жеті рет «Grammy» сыйлығына ие болды.