Димаш Құдайбергеннің есімі әлемнің әр бұрышындағы жанкүйерлері арқасында Марста пайда болды, деп хабарлайды dimashnews.com.
18 ақпанда жаңа ровер Perseverance Марс планетасының бетіне қонғаны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Ғылыми жабдықтармен қатар, Қызыл планетаға NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған үш кремний чиптері жеткізілді. Арасында Димаш Құдайбергеннің есімі де бар.
Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, түрлі елдердегі Dears (Димаш жанкүйерлері) тақтайшаға қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін қоюды ұсынған.
Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирустық инфекциямен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта қойылған.