33 жастағы актриса Хилари Дафф имиджін түбегейлі өзгертуге бел буды. “Өсекші қыз” (Сплетница), “Жас қыз” (Юная) сериалдарының жұлдызы жаңа шаш үлгісін көрсетіп түскен суреттерін Instagram парақшасына жариялады.
«Иә, дәл таптыңыздар! Нью-Йорктен келе салып, жаным өзгерістерді қалады. Бір білерім — шаш шеберлерім мені шын жақсы көреді екен! Біріншіден, жүктіліктің соңғы кезеңінде осындай ақылға сыймайтын қадамға баруыма келіскені үшін. Екіншіден, бұл процесс бір күнді алғаны үшін!», — деп жазды Дафф.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұлдыздың жанкүйерлері мен анасы актриса бұл түсті (көк) таңдап, болашақ нәрестенің жынысы қандай екенін айтқысы келді деп ұйғарған. Алайда Хилари мұнда ешқандай жасырын мағына жоғын түсіндіріп, үшінші баласының жынысын әлі білмейтінін хабарлады.