“Тақтар ойыны” (Игра престолов) сериалының жұлдызы Софи Тернердің туған күнін күйеуі Джо Джонас есте қаларлық етті. Ол әлеуметтік желіде жұбайының еш жерде жарияланбаған суреттерін жүктеп, ыстық лебізін білдірді.
“Туған күніңмен, кішкентайым! Сенің екі түрлі кейпің бар, мен екеуін де жақсы көремін”, — деді Jonas Brothers триосының мүшесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Софи Тернер сүйіктісінің постына “Мен де сені жақсы көремін” деген коммент қалдырды.
Еске салайық, Джо мен Софи 2019 жылы отау құрып, екі үйлену той өткізді — алдымен Лас-Вегаста, одан кейін Францияда. Былтыр шілдеде ерлі-зайыптылардың тұңғышы Уилла ханшайым дүниеге келді.