Ананди есімімен танылған үнді актрисасы Авика Гор қазақ тілінде сәлем жолдады. Бұл туралы Нұрлан Қоянбаев өзінің Instagram жазбасында алғыс білдіріп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Отандық және шетелдік әріптестерімен көп коллаборация жасайтын Нұрлан Қоянбаев осы уақытқа дейін бірнеше елдің танымал актерларымен серіктестік орнатты. Қазір Түркияда түсіріп жатқан фильмі түсіріліміне де шетел жұлдыздары қатысып жатыр. Солардың бірі — Авика Гор.
“Үндістанның танымал актрисасы, “Келін” сериалы арқылы танымал болған Ананди – Авика Горға алғысым шексіз! Келе сала қазақ тілінде сәлемдеме жолдап, ниетін білдіргенінің өзі шығармашылық топқа шабыт береді”, — деп бөлісті Нұрлан Қоянбаев.