Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Француз актері Жерар Депардье сексуал зорлық жасады деген шағыммен ресми түрде айыпталды

by Opa Media
24.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Айып былтыр 16 желтоқсанда тағылған. Бұған 22 жастағы актрисаның «2018 жылғы жазда Депардьенің құрбаны болдым» деген мәлімдемесі себеп болған. Қыздың полицияға берген шағымына сүйенсек, әртіс Париждегі үйінде оны екі рет зорлаған. 

Жәбірленушінің аты жария етілмейді, бірақ тергеуге жақын дереккөз қыз бен Депардье жақсы таныстар екенін айтады: актер оған кинодағы мансабын бастауға көмектескен көрінеді. Зорлық болған екі ретте де актриса Депардьенің үйіне пьесаға дайындық жасауға барғанын айтады. 

Бұл жағдай бойынша тергеу шағым түскен кезде (2018 жылы) жүргізілген болатын, бірақ актерді айыптауға негіздер жеткіліксіз болғандықтан 2019 жылы іс жабылды. Сондықтан актриса былтыр полицияға қайтадан жүгініп, тергеу жаңартылған. Депардьенің адвокаты Эрве Темиме актер айыптауларды мойындамайтынын, жоққа шығаратынын айтты.

Tags: Жерар Депардьесексуал зорлық жасаутергеу ісіфранцуз актері

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС