“Ювентус” пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ХХІ ғасырда мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы атанды. Бұл туралы Халықаралық футбол тарихы және статистика Федерациясы (IFFHS) хабарлады.
Жалпы алғанда, шабуылшы алаңға 1047 рет шыққан. Рейтиңдегі екінші орнында “Реал Мадрид” пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Спортшы ХХІ ғасырдағы 974 кездесуде қақпашы болған, одан бөлек, ХХ ғасырда өткізген 74 матчы бар. Бәрін қосқанда Роналдудан 1 матчқа көбірек ойнаған.
IFFHS рейтингісінде 969 матчпен үшінші орында — Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес тұр.
Үздік ондыққа Златан Ибрагимович, Лионель Месси, Джанлуиджи Буффон, Хави, Ясухито Эндо, Рожерио Сени, Хавьер Дзанетти сияқты танымал футболшылар енген.