Оған жүктілік мерзімі 24-тен 34 аптаға дейінгі 18 жастан асқан 4 мыңға жуық жүкті әйел қатысады.
“Бұл зерттеуді енді жүкті әйелдерге жүргізе алатынымызға қуаныштымыз. Маңызды субпопуляциялар арасында вакцинаның кең тарауын қамтамасыз ету үшін оның қауіпсіз әрі тиімді екеніне дәлелдер жинауды жалғастырамыз”, — деді доктор Уильям Грубер, Pfizer-дегі вакциналарды клиникалық зерттеудің аға вице-президенті.
Бұдан алдын ДДСҰ жүкті әйелдерге Pfizer мен Moderna вакциналарын егуден бас тартуға кеңес берген, өйткені бұл препараттардың ағзаға әсері туралы ақпарат жеткіліксіз болған.