Күні кеше жаңа туындының тұсауы кесілді. Бұл жолғы автор жазушы да, журналист те емес, “Жігіттер” тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов.
“Еркек бол” кітабын таныстыру кешіне біраз отандық селебрити жиналып, құттықтап, қолдау білдірді. Туындысы жайлы Ерғали мырза Instagram желісінде былай дейді:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Бұл кітапта “Жігіттер” тобының жүріп өткен жолы, қызығы мен шыжығы, қоғамдағы ер азаматтың міндеті мен жауапкершілігі жайлы тарқатып айттық. Ұл тәрбиелеп отырған ата-аналар оқысын, еркектік мінезді насихаттап, әкелер өз рөлін дұрыс атқарса екен деген оймен, темірдей тәртіп арқылы еңбектеніп, адал жолда жүрсе екен деген жақсы тілекпен жалпақ жұртқа осы кітапты ұсындым!” – деді Ерғали.
Жақында сатылымға шығатын туындыны сатып алған оқырмандарға “Жігіттер” продюсерлік орталығы атынан арнайы сыйлық беріледі екен.