Отандық танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің көгілдір экранға көп шықпай жүрген себебін түсіндіріп, Instagram жазба жариялады.
“Жетпіске қараған шағымда ұлым үйленетін болса, құдағиым қасымда қырық жаста болса, оның қасында кемпір боп тұрғаным ұят” деп санаған жұлдыз өзіне қазір көп көңіл бөліп жүргенін жеткізді. Оның ішінде денсаулыққа мән беріп, бағасына жетіп жүргенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Әр нәрсенің өз кезеңі, маңызды тұсы, құндылығы асып тұратын кезеңі болады. Бес-он жылғы ритімді есіме түсірсем, денем дір ете қалады. Бес-ақ сағаттық ұйқы, бітпейтін жиналыс, жоспарды орындау, тікелей эфирлер…. адам бұдан да қажиды екен. Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын. Ал, сол кездерде бәрі солай болу керек, солай дұрыс болып көрінген енді”, — деді Ләйлә.